Ақтауда қандаланың уынан тағы бір отбасы зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда қандаланың уынан тағы бір отбасы зардап шекті

03.05.2019

36 жастағы әйел мен оның екі бірдей баласы есеңгіреп жатқан жерінен ауруханаға жеткізілген. Осылайша дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ғана аман қалды.

Белгілі болғаны, оқиға 3 А шағын ауданындағы 21-ші үйде болды. Төменгі қабатта тұратын пәтер иесі көршілеріне ескертпестен, үйін зиянкестерден улаған. Зардап шеккендер - жоғарғы қабаттағы пәтердің тұрғындары. Осы оқиғаға қатысты Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін Ақтауда дәл осындай жағдай тіркеліп, 6 жасар бүлдіршін қаза тапты. Ал, Маңғыстау селосында 5 адам уланып, екеуі мерт болды. Бұл - жарты жылдың ішіндегі 3-ші оқиға.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 2007 жылғы жеткіншек қазір облыстық балалар ауруханасының саматикалық бөлімінде ем қабылдап жатыр. Келген кезде балада әлсіздік, ұйқышылдық байқалды. Басы айналып, жата берді. Оған «химиялық улану» диагнозы қойылды. Дәрігерлер дер кезінде ағзадағы улы заттарды шығарып, медициналық көмекті көрсеткеннен кейін жағдайы тұрақталды.  

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу