Тәуелсіздікке 30 жыл, тележылнама айдары, 2002 жылдың кейбір оқиғаларына Нұрлан Асқар тоқталады.
Қарағанды. 2002 жылдың 5 қаңтары. Испат-Кармет корпорациясының 3 мың шахтері ереуілге шықты. Талап – жалақыны көбейту. Себеп – Митталдың Канада мен Мексикадағы зауыттарында істейтін жұмысшыларының кемі 5 есе көп табыс табуы еді. Кеншілермен түбі зауыт басшылығы бірнеше рет кездесті. Сөйтіп жалақы 20 пайызға өседі.
Айтпақшы кеншілердің орташа жалақысы сол тұста 175 доллар. Сол 2002-де Ленин шахтасында жарылыс болып, 13 кенші көз жұмды. Өкініштісі, адам өмірін жалмайтын төтенше жағдайлар әлі болып тұрады.
2002-де халық саны -14 млн 866 мың. Жұмыссыздық деңгейі ресми статистика бойынша - 9,3 пайыз. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Өйткені ел экономикасы 2000-нан бастап өсімді байқатты. Бұл жылы орташа жалақы өсті. Яғни, 20 323 теңге.
Нұрлан Асқар, тілші:
Айтпақшы, 2000 жылдардың ортасына дейін жарты миллион Қазақстандық Түркия асқан. Көшіп емес, қыдырып. Өйткені 2002-де Түркия Қазақстандық туристер үшін визасыз режимді іске қосты. «Олл-инклюзив» дегенге енді таң қалмайтын болдық. Қазір визасыз режим елдердің саны тіптен көп. Кемі 30 күн.
Бұл жылы Тараздың шежіресін тірілттік. Көне шаһардың 2000 жылдығын ЮНЕСКО аясында тойлауды бекіттіріп алдық. Бұл той Таразды өзгертті. Бұзақылардың ордасы боп кеткен қалада 1998 жылы небәрі 28 жарық шамы жанып тұрды. Кейін шаһардың 118 көшесі жарықтандырылды. Қылмыс істеу қиын болсын деп, әлгі шамдар түні бойы сөнбей тұрды.
Болат Сауранбаев, Тараз қаласының әкімі:
Біреу жарық шамдарын ұрлап, сымдарып алып кеткен. Оны іздеп полициямен. Сөйтсек біреу үйіне апарып, гаражына дейін жап-жарық қылып жағып қойған екен.
Тойға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге, облыстан 500 млн қаралды. Айтпақшы айтулы күнге апта қалғанда аяқ астынан апат болады.
Болат Сауранбаев, Тараз қаласының әкімі:
Облыс әкімі маған звандады. Болат көпіріңді су алып кетті деп. Сөйтсек Талас өзені тасып, қалаға кіреберістегі көпірді шайып кеткен ғой.
Дереу жөнделді. Артынан президент, бірқатар елдің елшілері келді. 1000 киіз үй тігіліп, 12 мың тұрғынның қатысуымен стадионда даңғаза думан өткізілді.
2002 жылы саяси сахнада «Ақжол» партиясы пайда болды. Оны «Қазақстанның демократиялық таңдауын» құрған Болат Әбілов, Әлихан Байменов пен Ораз Жандосов ақпан айында жария етеді. Олар «ДВК тым агрессивті позицияны ұстанды, біздің Ақ жол – революциялық емес,эволюциялық бағытты таңдайды» - десті. Айтпақшы араға 3 жыл салып, Ақ-жол екіге бөлініп кетті. Ақ жол және Нағыз Ақ жол.
Нұрлан Асқар, тілші:
«Араға он жыл салып, 2002-де 2-ші құрылтайды өткіздік. Бұл жолы Түркістанға жидық. 40 елден 500 қандас-делегат. Мұхит асып, Канада мен Аустралиядан да келгендер болды.
1 құрылтай эмоционалды өтсе, 2-де нақты іске көштік. 15 мың оралман отбасыға квота ашылды. Құрылтайдан соң, бірден 50-60 мың қандас елге оралды. Жиында әлеуметтік жеңілдіктер көрсету жағы баса айтылды. Сосын шетелдегі қазақ ағайынмен байланыс үзбеудің тетіктері мақұлданды. Бұл көршілес елдердің шекарасында жайғасқан ағайынға тікелей әсер етті.
Естай Божан, қытайтанушы:
Әсіресе шекарадағы Іле-Қазақ автономиясына қарасты Алтай, Тарбағатай және Іле алқаптарындағы қазақтардың өміріне де тұрмысына да белгілі бір деңгейде әсері болды. Әсіресе бірінші президенттің Құлжаға сапарлай баруы – сол жердегі қазақтардыңі санасында қазақ мемлекеттілігінің кепілі, еліміз бар деген түсініктерді қалыптастырды. Шекарада тұрған қазақ аудандарында қазақ тауарларына деген сұраныс күшейді. Тауарларды сататын дүкендер пайда болды.
2002-де тұтас елдің зәулім ағашы бой көтерді. Атауы – Бәйтерек. Нобайын Назарбаев ұсынды. Сәулетін Ақмырза Рүстембеков, Сүйерхан Базарбаев, Жұмабек Айтбалаев жобалап, дизайнын Айтуар Оспанов жасады.
Жоба мақұлданғанға дейін түрлі нұсқалар түсті. Тіпті шығармашылық топқа 200 метрлік батырдың мүсінін, иә болмаса 100 метрлік ханның қалпағын орнатуды ұсынушылар болған.
Нұрлан Асқар, тілші:
Өмір ағашының алып шары тұтас шыныдан құралған. Диаметрі 22 метр. Әйнегі Итальяндық. Қалыңдыңы 5 см. Өзі 3 қатардан тұрады. Айтпақшы шаһар іштен анық көріну үшін альпинистер жылына 2 рет, шыңына шығып, тазалап тұрады.
Нұрлан Асқар, Шерхан Жамбылұлы