Қазақстан жасыл энергияны тұтыну көлемін ұлғайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жасыл энергияны тұтыну көлемін ұлғайтады

18.06.2021

2030 жылға қарай Қазақстанда жасыл энергияның үлесі 15%-ға жетеді. Қазір бұл көрсеткіш небәрі 3 пайыз ғана. Бұл туралы Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин мәлімдеді. Қазір «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес елімізде кешенді іс-шаралар қолға алынған. Жоспар Еуроодақтағы серіктестермен бірлесіп әзірленген. Премьер-министр Қазақстанның баламалы энергетиканы дамыту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде шаралар қабылдағанын да атап өтті. Жиынға осы саладағы белді халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу