Қазақстанда күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Министр медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға бақыт, табыс, денсаулық пен амандық тіледі.
Айтуынша, бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігер мен 185 мың орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. Күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалады, 1 мыңнан астам босану қабылданады, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және 18 мың жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетіледі.