Нидерланд және Аустрия құрамалары Амстердам стадионында кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд және Аустрия құрамалары Амстердам стадионында кездеседі

17.06.2021

Дания мен Бельгия құрамалары Копенгагендегі Паркен стадионында кездеседі. Матч қонақтары В тобының турнир кестесінде көш бастап тұр, ал Дания соңғы орында. Екі ел футболшылары бұған дейін 15 матч өткізген. Әрқайсысында 6-6 жеңістен бар. Үш рет тең ойнаған. Десе де букмекерлер бұл жолғы кездесудің жөні бөлек дейді. Айтуларынша фаворит Бельгия. Футбол жанкүйерлері де осындай пікірде.

С тобындағы Нидерланды және Аустрияның ұлттық футбол құрамалары бүгін Амстердам стадионында мықтыны анықтайды. Екі ел құрамалары бұған дейін талай рет жолдастық кездесулер өткізген. Басым бөлігінде Нидерланды құрамасы басым түскен. Сарапшылар бұл жолы да олардың жеңіске жететініне сенімді. Ал футбол сүйер қауымның ойы әртүрлі.



Хабарламаларға жазылу