Қазақстанда вирустың үндістандық штамы тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда вирустың үндістандық штамы тіркелген жоқ

17.06.2021

Ал Қазақстан аумағында бүгінгі күні коронавирустың үндістандық штамы тіркелген жоқ. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді. Шетелдерден келген азаматтар қатаң тексеріліп жатыр. Ал үшінші елдер арқылы Үндістаннан оралған жолаушылар 14 күн карантинге жатқызылады.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі: 
Он төртінші күні ол азаматтардан ПЦР-тест алынады. Тест нәтижесі бойынша теріс шықса, олар кез келген уақытта қалада жүре алады.  Бүгінгі күні Қазақстан мен Үндістан арасында тікелей әуе қатынасы жоқ. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу