Аралда шаруаларға мың тоннадан астам жем-шөп жеткізілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аралда шаруаларға мың тоннадан астам жем-шөп жеткізілген

17.06.2021

Аралда топырақтың құнарсыздығы анықталса, ауданда төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Тексеру қорытындысы аяқталуға жақын. Ал, әзірге қуаңшылықтың зардабын тартқан шаруаларға мың тоннадан астам жем-шөп жеткізілген.

Мамандар жайылымдық жері қурап кеткен ауылдарды үш аймаққа бөлді. Соған сәйкес, 4 елді мекен мал ұстауға біршама қолайлы деп танылса, 13 ауылдың маңында төрт-түлік жейтін шөп жоқ. Яғни, жайылымдардың 95 пайызы тақырға айналған. Мал азығынан тарыққан шаруалар болса, ауданда төтенше жағдай жариялануын сұрайды. Қуаңшылыққа байланысты бюджеттен қаржы бөлінсе бірінші кезекте жем-шөм тасымалының шығыны өтеледі. Сондай-ақ, жайылымдардағы суаттардың көзін ашу қолға алынады.

Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары:
Төтенше жағдай жариялауға байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Келісімдер алына бастады. Қазір соңғы инстанция аудандағы «сары», «қызыл» аймаққа енгізілген елді мекендердің топырағының құрамы бүгін сараптама толық бітеді кешке дейін. Бірінші кезекте, біз қожалықтардың жем-шөбін тасымалына көмектескіміз келеді.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу