Ақмола облысының Бестөбе елді мекенінің жанында орналасқан «Қазақалтын» кәсіпорнының шахтасында 2 адам мерт болды. Үйінді астында 3 адам қалған. Олардың біреуін құтқарушылар аман алып шықты. Ол Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Қаза болғандар «Қазақалтын» кәсіпорнының қызметкерлері емес. Шахтаға заңсыз түскендер.
Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді. Кен орнына алтын табу мақсатында заңсыз келетіндер азаймай тұр. «Олар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Сондықтан осындай жағдайлар орын алады», - дейді мамандар.
Ермек ЕЛБЕРГЕН