Қарағандыда ұлттық санаққа әзірлік жұмыстары қызу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда ұлттық санаққа әзірлік жұмыстары қызу жүріп жатыр

17.06.2021

Қарағандыда ұлттық санаққа әзірлік жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазір статистика департаментінде келісімшарт негізінде интервьюерлер жұмысқа қабылданған. Олар 6 мыңға жуық нысанның жартысынан көбін аралап үлгерген. Енді бұл ақпарат тиісті дерекқорға енгізіледі. Ұлттық санаққа дайындық жұмыстары жайлы әріптесіміз Руслан Нұрланұлы баяндасын.

Күнсұлу Әбдіғалиева облыстық Статистика департаментінде уақытша келісімшартпен жұмыс істеп жүр. Өзі сияқты тағы 500-ге жуық маман қазір өңірдегі барлық деректерді жаңарту бойынша әр нысанды жеке-жеке аралайды. Қыркүйек айында болатын санақ кезінде бір азамат болсын назардан тыс қалмауы тиіс.

 Күнсұлу Әбдіғалиева, интервьюер:
1 200 объекті бар. Соның 55 пайызын огрындадым. Күніне мен 40-60 обектіні аралап шығамын. Онда келгенде жер үй болсын, пәтер үй болсын қанша адам тұрады соны аламын, сосын үй кімге тиесілі яғни аты-жөні соны жазамын.

Биыл санақты өткізу үрдісі автоматтандырылған. Бұрынғыдай қағазбастылық жоқ. Планшетке деректерді енгізсе жеткілікті. Сауалнамада 87 сұрақ бар. Оны ел тұрғындары арнайы сайтқа кіріп онлайн толтырса да болады.

Сәуле Комутова, Ұлттық статистика бюросы облыстық департаменті басшысының орынбасары:
Біз уақытша жұмысқа алған персоналдардың барлығы білімін жетілдіреді. Кейін олар планшетпен және ондағы бағдарламаны білуі тиіс. Ондағы ақпараттық барлығы ортақ дерекқорға жүктеліп отырады. Адамдарды жұмысқка алған кезде халықпен жұмыс істеу ерекшелігін, онда не бір қиындықтар туындауы мүмкін екені ескертіліп отырады.

Елімізде ұлттық халық санағы 1-ші қыркүйекте басталады. Халықаралық талаптар бойынша ол әр 10 жыл сайын өткізіледі. Елдегі соңғы науқан 2009 жылы өтті. 2019 жылға жоспарланған шара пандемияға байланысты биылға шегерілген болатын.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу