Аралда топырақтың құнарсыздығы анақыталса, ауданда төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Тексеру қорытындысы аяқталуға жақын. Ал, әзірге қуаңшылықтың зардабын тартқан шаруаларға мың тоннадан астам жем-шөп жеткізілген. Өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы бізбен байланыста.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Аралдағы қуаңшылық малшыларға қатты батуда. Бүгінде ахуалды бағамдаған мамандар жайылымдық жері қурап кеткен ауылдарды үш аймаққа бөлді. Соған сәйкес, 4 елді мекен мал ұстауға біршама қолайлы деп танылса, 13 ауылдың маңында төрт-түлік жейтін шөп жоқ. Яғни, жайылымдардың 95 пайызы тақырға айналған. Мал азығынан тарыққан шаруалар болса, Үкіметтен пәрменді көмек күтіп, ауданда төтенше жағдай жариялануын сұрап отыр.
Еркін Әбішев, Арал ауданы әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда ауданда төтенше жағдай жариялауға байланысты жұмыс жүргізіліп жатыр. Келісімдер алына бастады. Қазір соңғы инстанция аудандағы «сары», «қызыл» аймаққа енгізілген елді мекендердің топырағының құрамы бүгін сараптама толық бітеді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Зертханада топырақтың құнарлығы анықталады. Егер өте төмен болса тиісті құжаттары құзырлы орындарға жолданып, келер апта Аралда төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Қуаңшылыққа байланысты бюджеттен қаржы бөлінсе бірінші кезекте, жем-шөм тасымалының шығынын өтеуге жұмсалмақ. Және жайылымдарда бітеліп қалған суаттардың көзін ашу жұмыстары қолға алынады.
Әділбек Серікұлы