Саумалкөл көлінің жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саумалкөл көлінің жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды

17.06.2021

Солтүстік Қазақстанда тағы да құс тұмауы тіркелді. Бұл жолы жабайы құстар қырылған. Айыртау ауданындағы Саумалкөл көлінің жағасынан 102 үйрек пен 2 шағаланың өлексесі табылды. Сараптама құс тұмауын растады.

Нариман Тасболатов, Ветеринария басқармасының бас маманы: 
Жеке адамдардың үйлерінде құс тұмауы тіркелген жоқ. Үй құстарының ішінде. Табылған құстардың саны аз болғандықтан, карантиндік шарасы енгізілмейді. Профилактикалық іс-шара ретінде вакцинациялау жұмыстары жүргізілді, осы Саумалкөл ауылында және Краснагорка ауылында. Барлығы 5700 бас құс вакцинацияланды.

Өткен жылы теріскейде үй құстары жаппай ауырып, салдарынан 900 мыңға жуық қанатты қырылып қалған еді. Оның 800 мыңнан астамы құс фабрикаларында тіркелсе, қалғаны тұрғындарға тиесілі. Өлекселерді жоюға және құс иелеріне өтемақы төлеу үшін 960 млн теңгеден артық қаражат бөлінді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу