Оралда сарбаз өзіне қол жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда сарбаз өзіне қол жұмсады

17.06.2021

Оралда қатардағы сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Оқыс оқиға таңғы уақытта түзету мекемелерінің бірінде болған. Күзетте тұрған 21 жастағы әскери қызметші бекітілген қарудан иегіне оқ атып, жараланған. Ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Ақтөбелік жауынгер жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу