Мектептерде шетелдің идеологиясын насихаттайтын оқулықтар бар
Елімізде 1-5 сыныптарда ағылшын тілін оқытуға арналған кітаптарда шетелдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндер жарияланған. Олар ұлттық ұғым мен дәстүрлі тәрбиеге сай келмейді. Мәжіліс депутаты Мақпал Тәжмағамбетова Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осыны айтты. Бір қызығы, аталған оқулықтарға Білім және ғылым министрлігі оң сараптама берген. Мәселен, 2-сыныптың кітабында ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленница сынды діни мерекелер енгізілген. Бұған қоса, ұлттық аспап - домбыраға қатысты бұрын-соңды ел естімеген аңыз-әңгімелер жарияланған. Осы сынды олқылықтар оқулық бетінде өріп жүр.
Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Үлгілік оқулық бағдарламасына сараптама жасап, бағдарлама әзірлеуші топтың құрамын қайта қарау қажет. Сараптамалық комиссия құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдері емес, балалар психологынан бастап, суретші-педагог, этнограф, қазақ тілі мамандары, әдебиетшілер, тағы да басқа мамандарды енгізу қажет.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03