Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрін қабылдады.
Алексей Цой президентке еліміздегі эпидахуал және коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстары жайлы есеп берді. Министрдің айтуынша, ахуал тұрақты, өткен айлармен салыстырғанда індет жұқтырғандардың саны екі есе азайған. Республика бойынша өлім-жітім көрсеткіші 2 аптаның ішінде бір жарым есе төмендеген. Ал президент екпе егу індетті еңсерудің бірден-бір жолы екенін еске салып, дәрігерлерді қорғау мәселесіне арнайы тоқталды. Оның пікірінше, медицина қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы әлі де төмен. Осы орайда ақ халаттылардың мәртебесін айқындаудың және оларды ынталандырудың кешенді жүйесін енгізу қажет.