«Қайырымды істер марафоны» аясында 7 мыңнан астам шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайырымды істер марафоны» аясында 7 мыңнан астам шара өтті

16.06.2021
«Қайырымды істер марафоны» аясында 7 мыңнан астам шара өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Қайырымды істер марафоны» аясында бүкіл Қазақстан бойынша қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қайырымды істер марафоны» аясында қазақстандықтар балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арнап, 400-ден астам акция мен қайырымдылық жобаларын ұйымдастырды.

Мысалы, Қарағандыда демеушілердің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін робототехника мектебі, сондай-ақ Мейірімділік мектебі ұйымдастырылды, онда балалар қоршаған ортаға ұқыпты қарау, экология мәселелері туралы білім алуда.

Түркістан облысында да «Қайырымды істер марафоны» дәстүрі жалғасуда. Онда Төлеби ауданының балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлық жасалды: «Daryn.Online» білім беру платформасымен бірлесіп, жастар ресурстық орталығы барлық оқушыларға түрлі пәндер бойынша тегін жылдық курстар ұсынды.

Жалпы, 2021 жылдың 16 маусымына «Қайырымды істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері 7000-нан астам қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар іске асырылды.

160 000-нан астам мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілді.

Марафонды ұйымдастыруға 100-ден астам ұйым, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «Верный капитал» компаниялар тобы, «ERG» және басқа да ірі компаниялар қосылды.

Хабарламаларға жазылу