Бюджеттен миллион доллар жымқырған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджеттен миллион доллар жымқырған күдікті ұсталды

15.06.2021

Алаяқтық жасады деп күдікке ілінген әйел құрықталды. Ресейлік Светлана Киршова өзіне ұқсайтын отандасымыздың атын жамылып, жалған құжат жасаған. 2003 жылы Қазақстанның қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасып, сенімге кірген. Осылайша жалған есеп-шотқа миллион доллар аударып, Ауылшаруашылық министрлігінің қаражатын жымқырады. Ол тұрғылықты орнын жиі ауыстырып, ұсталмас үшін ауылды жерде өмір сүріпті. Құқық қорғау органдары күдіктіні 16 жылдан кейін әрең қолға түсірді. Қылмысты жоспарлауда оның тағы 2 сыбайласы болған. Жауапты органдар жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал Светлана Киршова өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Светлана Киршова, күдікті: 
Маған тағылған айыптармен келіспеймін. Мойындайтындай еш кінәм жоқ. Мен нұсқаулық бойынша жұмыс істедім. Заң бұзушылық жасаған жоқпын.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу