Елбасы «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

15.06.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады. Кездесуде мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды. Вагит Алекперов Елбасыға бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін арттыру жоспары туралы айтып берді.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу