Ақмола облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соғылып, 8 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апаты Ақсу-Бестөбе-Изобильное тас жолының 37-інші шақырымында болған. Ауди маркалы машинаны тізгіндеген 43 жасар жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, автобусты соққан. Қоғамдық көлікте 25 жолаушы болған. 2 жүргізуші мен 6 жолаушы зардап шекті. 4-уі ауруханада жатыр.
Ермек Елберген