Алдағы бес жылда ел аумағында 2 млрд тал егіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы бес жылда ел аумағында 2 млрд тал егіледі

15.06.2021

Алдағы бес жылда ел аумағында 2 млрд түп ағаш егіледі деген жоспар бар. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бюджеттен 82 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жыл соңына дейін жаңадан егілген талдар саны 60 млнға жеткізіледі. 2025 жылға дейін бұл қарқынды арттыру көзделген. Сексеуіл, қарағай, үйеңкі, шегіршін мен қайың ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр. 2 млрд түп ағаштың 1,5 млрд данасы облыстық әкімдіктердің үлесіне келеді. Орман қорын пайдаланушылар мен халықаралық донорларға шамамен 200 млн дана және Орман шаруашылығы комитетіне бағынышты органдар 300 млн тал егуі қажет. Тапсырманы орындау үшін тракторлар, ағаш егу машиналары, топырақ қопсытқыш құрылғылар алынады. Елдегі тәлімбақтардың ауданы да кеңейтілмек.

Ерлан Құтпанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің комитет төрағасының міндетін атқарушы:
Алма, шабдалы, қарақат, шырғанақ отырғызылады. Олардың жалпы саны 300 млн-нан асады. Ақтөбе, Ақмола, Түркістан облыстарында жасыл аймақтарды құру және оны кеңейтуі жоспарлары дайындалуда. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу