EURO 2020: Матч кезінде есінен танып құлаған футболшы мәлімдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2020: Матч кезінде есінен танып құлаған футболшы мәлімдеме жасады

14.06.2021

Матч кезінде есінен танып құлаған футболшы мәлімдеме жасады. Еуро-2020 турнирінде Финляндияға қарсы ойнаған Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен кездесудің 43-минутында газонға құлап, есінен танған еді. Оған алаңда бірден көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген болатын. Қазір спортшы есін жиған. Жағдайы бір қалыпты. Айтуынша жағдайының нашарлауына не себеп болғаны әлі белгісіз.

Кристиан Эриксен, Дания футбол құрамасының жартылай қорғаушысы:
Бәріне рахмет. Мен берілмеймін. Қазір жақсымын, бірақ, не болғанын білмеймін. Қазір соны анықтағым келеді. Баршаңызға маған көрсеткен көмектеріңіз үшін алғыс айтамын.


Хабарламаларға жазылу