Қызылорда облысы, Қазалы ауданында жатақханадан өрт шығып, 5 жасар бала ажал құшты. Қызыл жалын тұрғын үйдің төртінші қабатында тұтанған.
Өрт 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын кезінде қапаста қалған бала көмір қышқыл газға тұншығып өлген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер отқа оранған пәтерді 10-15 минутта сөндіріп үлгерді. Сондай-ақ, 8 адам эвакуацияланып, екі үлкен газ баллоны сыртқа шығарылды.
Әділбек Серікұлы