Бүгін - халықаралық қан донорлары күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - халықаралық қан донорлары күні

14.06.2021

Бүгін - халықаралық қан донорлары күні. Қазір тегін қан тапсырушылар жөнінен елімізде Ақтөбе облысы алдыңғы орында тұр.

Жыл басынан өңірде 4 мыңға жуық адам қан тапсырған. Медициналық мекеме күніне 50 науқасқа қажетті плазма мен эритроциттер жібереді. Керекті қанды ерікті донорлар толтырып отырады. Тұрақты донорлар саны мыңға жуық. Олардың әрқайсысы жыл сайын жиырма адамды ажалдан құтқарады екен. Бүгін дүниежүзілік донорлар күніне орай белсенділерге естелік сыйлықтар берілді.

Нұрлан Үдербай, облыстық «Қызыл ай» қоғамының директоры: 
Әрине, донор болу оңай емес. Донор болу үшін патриоттық, гумандық, яғни, осы адамдарды аман алып қалу деген өзінде ұмтылыс болу керек.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу