Футбол: Турнир тарихында екінші рет топтық этапта 24 команда ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Турнир тарихында екінші рет топтық этапта 24 команда ойнайды

11.06.2021

Турнир тарихында екінші рет топтық этапта 24 команда ойнайды. Олар 6 топқа бөлінген. Плей-оффқа 16 құрама кіреді. 

F тобына Еуропаның қазіргі чемпиондары – Германия, Франция, Португалия және Венгрия енген. Ал Ресей футболшылары В тобында Бельгия, Дания, Финляндия құрамаларымен алаңға шығады. Көптеген сарапшылардың ойынша, ресейліктерге мұндай қарсыластармен плэй-оффтан көріну оңай болмайды. Англия командасы Хорватия, Чехия, Шотландиямен бірге D тобына кірді. Кейбір бақылаушылар ағылшын футболшыларын осы жолғы Еуроның фавориттері деп болжап отыр.

Гарет Саутгейт, Англия командасының менеджері:
Біз бір-бірімізді, командамызды қолдауға толық бекініп отырмыз. Мұның қажеттігін қазір көбірек сезіндік. Алдағы турнирде аяққа тұруға күшіміз жететін секілді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу