Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді

11.06.2021

«Биыл инфляция деңгейі 7,2 пайызға жетті. Оның ішіндегі азық-түліктің алатын үлесі 9,3 пайыз». Осылай деген сенатор Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы министріне мемлекет реттейтін азық-түліктердің тізімін қайта қарап, оны кеңейтуді ұсынды. Ресейде әлеуметтік маңызы бар азықтар тізіміне 24, Беларусьта 28 түрі енген. Ал, бізде ол тізім 19 түрлі азық-түлікпен шектелген.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Ресей, Украинада бізге тән емес тағам түрі бар. Мысалы Ресейде шошқа еті, кептірілген балық еті. Мысалы Беларусьта көкөніс жоқ. Ал, біз де бар. Бірақ, сіздің ұсынысыңызды мен өзім қолдаймын.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Менің айтып отырғаным шошқаның еті емес. Қой, жылқы еті реттелмейді. Алма жоқ. Жеміс-жидек жоқ толықтай. Жарманың небір түрі жоқ. Реттелмейді мемлекеттен. Одан кейін балалардың тағым. Бұл да маңызды бағыт қой. 

Сенаторлар көктем емес жаз ішінде қынадай қырылып жатқан жылқы басына қатысты мәселе министрге төтесінен қойды. Қызылорда мен Маңғыстау өңіріндегі шаруалар түрлі мессенджерлер жылу жинап, еліміздің түкпір-түкпірінен жем-шөп жинап жүргенін айтты. Салаға жауапты министрліктің сылбыр қимылын сынға алды. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу