Батыс Қазақстанда мыңға жуық мал ұрлады деп айыпталған ағайынды барымташылардың ісіне әлі нүкте қойылмады. Атышулы қылмыстық істің ашылғанына жылдан асса да, сот ісі созылып кетті дейді тұрғындар. Миллиондап шығын көрген шаруалар құрығы ұзын 4 жігіт жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды. Сот отырысынан Ардақ Мұратқызы.
Былтыр көктемде полицейлер «мыңға жуық жылқы табылды» деп жар салғанда жоқ іздеп 300-ге жуық адам келген. Солардың тек 47-сінің малы бары дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Істің басты куәгері күдіктілер қарауында 9 жыл бақташы болған Әділет Мәденитов.
Әділет Мәдениетов, куәгер:Бәленбай рет ұрды, аяқтан, белден. Тіпті бір күні әкем қайтқанда жылап барып, мәйіт басына қонып шықтым. Мылтық тақады аяғыма. Сосын қорқасың, ештеңе айтпауға уәде бердім. Ұрлап алып келеді, ұрлық малды қосады. Мен білем қандай ұрлық мал екенін. Сол жылқы сонда жүреді. 600 бастың 300-і халықтікі.
Ағайынды Ешовтер жылдар бойына жұрттың малын ұрлап, үрейде ұстап келді. Қорықпағандарға қастандық жасады дейді шаруалар.
Айбек Әменов, шаруа:Шөп қорама өрт қойды. 400 рулон, былай тағы бос маялаған шөп болды. Өшін солай алады. Көп жігіттің мысын солай басып тастады. Қазір енді ауылдық жерде шөп, материал жоқ, қорқады. Айтуға қорқады. Ал солар қалай ұсталды, ұрлық басылды.
Жүген ұстап қалғандардың алды 80, соңы 10 басқа дейін ұрлатқан. Шығын 70 млн-ға жеткен. Заңмен тыйым салынған малды да сойып тастады деседі.
Аманжол Зинуллин, жәбірленуші:Арест салынған нәрселер сот үкімі шықпай ешқайда кетпеуі керек, тұруы керек орнында. Ал бұлар 300 басты арестен шығарып, Қызылордаға сатып жіберген. Бұл енді сыбайлас жемқорлықтың қайнап тұрған жері. Менде 83 бас жоғалды. 56 бас есебі шықпай тұр.
Алғашқыда ағайынды төрт жігіттен 606 жылқы, 91 ірі қара қорАға қамалған. Тергеуші арестке қойылған ешбір мал сатылмады дейді.
Елзан Хафизов, аға тергеуші:Жоқ, ондай ақпарат жоқ. Ешқандай жылқы сатылған жоқ, талап тыйым салынған мүліктен аспауы керек. Сондықтан 606 бас жылқының 62 млн теңгесін құрайтын 167 бас малға тыйым салынды.
Ал айыпталушы жақ айтылған кінәні мойындамайды.
Саян Жүсіпбаев, адвокат:Мен тағылған айыппен келіспеймін. Не себепті екенін келесі жарыссөзде айтамын.
Бастапқыда «қылмыстық топ құрықталды» деп ақпарат берілгенімен, іс ол бап бойынша қозғалмаған. Сот ұрлық бойынша жүріп жатыр. Сондықтан шаруалар күдіктілерді жазадан оңай құтылып кете ме деп қауіптенеді.))гелмей жатыр, сондықтан құрығы ұзын 4 жігіт жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды.
Ардақ Мұратқызы