Грекияда жұмыс уақытының ұзақтығына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда жұмыс уақытының ұзақтығына қарсы шеру өтті

11.06.2021

Грекия астанасы Афиныда мыңдаған адам шеруге шығып, парламент ғимаратының жанына жиналды. Полицияның дерегінше, наразылық акциясына 18 мыңдай тұрғын қатысқан. Егер бұл елде жаңа еңбек заңы қабылданатын болса, жұмыс уақыты көбейіп, табыс азаюы мүмкін. Елдің т алабы мұны болдырмау. «12 сағат жұмыс істеп, тек төрт сағат үшін жалақы алғымыз келмейді», - дейді шерушілердің бірі. Жұрттың көпшілігі манифестацияға шыққандықтан, әуежай қызметі тұралап, ұшақтар дер кезінде сапарға аттана алмады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер тоқтап, жолдарда кептеліс көбейген. Бұған қоса, порттардағы кемелер де теңізге шықпай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу