Ақтөбеде психиатр мен наркология бөлімінде есепте тұрған 49 адам қару ұстауға рұқсат алған. Бұл жағдайды облыстық прокуратура мамандары қару-жарақ ұстауға рұқсат беру мен оны сатып алу заңдылығын тексеру барысында анықтап отыр. Яғни, 46 адам наркологтың, тағы үшеуі түрлі кезеңдерде психиатрдың есебінде тұрған. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше,олардың көбі алдымен қару ұстауға рұқсат алып, кейін ғана дәрігер есебіне алынған. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін деректерді үнемі тексеруге, салыстырып отыруға ұйғарым берілді.
Жақсыбек Кемал