Азық-түлік қайырымдылық шарасы аясында еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға көмек көрсетілді. Іс-шараға Нұр-Отан партиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері бастамашы болды. Хазірет-Сұлтан мешітіне жиналған отбасыларға азық-түлік қораптары мен ұн қаптары таратылды. Мұндай қайырымдылық шарасына жалпы саны мыңнан астам отбасы қамтылды. Оның аясында бүгін 50 жанұя көмек алды. Олар жалғызбасты аналар, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар мен ардагерлер. Табысы аз отбасылар күнделікті тұтынатын азық-түлік жиынтықтарын көлікке тиеу мен жеткізу қызметтеріне дейін көмек алды.
Рысты Төлебекова, жалғызбасты ана:Екінші топ мүгедекпін. Жұмысым жоқ. Маған бұл біразға дейін көмек болады. Алла разы болсын дейімін. Алғысым шексіз.
Ламбриан Топузидис