Ұлыбритания «Үлкен жетілік» елдері лидерлерінің саммитіне дайындалып жатыр. Жұма күші ашылатын форум қарсаңында қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді.
Саммит Англияның оңтүстік-батысындағы Корнуолл қаласында өтеді. Сондықтан, мұндағы 6 жарым мыңдай полицияға көмекке тағы 5 мыңдай тәртіп сақшысы жіберілді.
Кездесуге АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Италия, Франция, Германия басшылары қатысады. Олар ғаламдық пандемиямен күрес және климаттың жылынуы тәрізді өзекті халықаралық мәселелерді талқыламақ.
Арыстан Рысбек