Басты Жаңалықтар Елордада этностиль бағытында халықаралық көрме ұйымдастырылды

Елордада этностиль бағытында халықаралық көрме ұйымдастырылды

Ұлттық музей мен Еуразиялық дизайнерлер одағы бірлесіп, этностиль бағытында халықаралық көрме ұйымдастырды. Шараға республиканың барлық өңірінен 150-ге тарта дизайнер қатысты. Үздік туындыларын ұсынған шеберлердің еңбегін әлемдік нарыққа шығару - бүгінгі шараның басты мақсаты. Ең алдымен дизайнерлердің этностильдегі коллекциялары көрсетіліп, артынша сурет, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, зергерлік әшекейлер таныстырылды. Аталмыш шара енді жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

Ермек Асылханов, Ұлттық дизайн академиясының төрағасы:
Ұлттық дизайнның өсіп, кенеліп жеткен жері - этнодизайн. Соны біз халқымызға жеткізейік деп көрсетіп жатырмыз.
Есенғали Ахметов, дизайнер:
Қазақстанның шалғай ауылдарынан келген азаматтар басқалармен өзін салыстырып, қатесін көреді, жетістігін көреді. Осылайша бұл үлкен деңгейге апарады.

Ақниет Балтанова

Бөлісу