Атырау облысындағы Исатай ауданында 5-6 сағат тоқтаусыз жаңбыр жауып, уақытша салынған жалғыз айналма жолды су басып қалды.
Оқиға Астрахань бағытына қатынайтын автомагистральдың маңында, нақтырақ айтсақ, Аққыстау мен Тұщықұдық ауылы аралығында болды. Жаңбыр басылғаннан кейін су көлкіген жерге топырақ төселіп, жол қозғалысы қалпына келтірілді. Келеңсіздікті жоюға жол салып жатқан мердігер мекеме жұмылдырылды.
Жандос Темірғали