Ақсу қаласында 50 жастағы азамат өзін-өзі өртеп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсу қаласында 50 жастағы азамат өзін-өзі өртеп жіберді

04.04.2019

Араша түспекші болған 13 адам жарақат алды. 4-еуі аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Кейбірінің денесі 80 пайызға дейін күйіп қалған. Ал 5 бала мен 4 ересек адам иіс тиіп уланды. Марқұм өз үйінде үстіне бензин құйып, от қойған.

Адамдар сол үйге туған күн тойлау үшін жиналыпты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қайтыс болған азаматты құқық қорғау органдары бірнеше мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Осы жақында ғана сәуірдің 2-сі күні қайтыс болған азаматқа қатысты әкімшілік сот отырысы болған. Бірақ баласымен екеуі татуласып, ымыраға келген соң, іс тоқтатылды. Тергеу барысында осы күнге дейін болған кейкілжіндердің неліктен орын алғаны, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас тексеріледі.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу