Ақмола облысында 6 жасар баланың үстіне темір конструкция құлап, басы жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 6 жасар баланың үстіне темір конструкция құлап, басы жарылды

09.06.2021

Ақмола облысының Степногорск қаласында 6 жасар балаға ойын алаңындағы темір конструкция құлап, бас жарақатын алды. Бас сүйегіне операция жасалды. Баланың анасы ойын алаңына жауаптылардың жазалануын сұрап, құзырлы мекемелерге шағымданған. Алайда нәтиже жоқ. Себебі ойын алаңы ешкімге қарамайтын болып шықты. Осы оқиғадан кейін Степногорск қаласындағы барлық балалар ойын алаңдары тексерілмек. Қажет болса, жөнделіп, иесіз қалғандары әкімдік балансына алынады.

Естеріңізге салайық, осыған ұқсас жағдай 2 жыл бұрын Түркістан облысының Қазығұрт ауданында болған. Онда сабақ уақытында мектеп оқушысына жылжымалы футбол қақпасы құлап, 8-сынып оқушысы мерт болған еді. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу