Несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы берілуі мүмкін

08.06.2021

Азаматтарға несие алудан өз еркімен бас тарту құқығы берілуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі депутаттар ұсынысына қолдау білдірді. Олар бұған дейін өзгенің атынан кредит рәсімдейтін алаяқтармен күресу үшін жаңа ереже енгізу керегін айтқан. Алайда агенттік өкілдері бірқатар жағдайды ескеру қажет, дейді. Мәселен азамат әлеуметтік жағдайына байланысты қайта кредит алатын болса, өтінішін кері қайтарып алуға міндетті. Ал бұл уақытта алаяқтар өзгенің атын жамылуы мүмкін дейді мамандар. Айта кетейік, былтыр мұндай қылмыскерлер біреудің атынан 77 млн теңгеден аса несие алған.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу