Президент «ҚазМұнайГаз» басшысы Алик Айдарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «ҚазМұнайГаз» басшысы Алик Айдарбаевты қабылдады

08.06.2021

Мемлекет басшысы сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады. Ол Президентке компанияның былтыр атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, орта мерзімдегі даму стратегиясын таныстырды. Әрі дағдарыс кезінде қаржылық тұрақтылықты сақтағанын және қазіргі уақытта пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Мемлекет басшысына Каспий қайраңындағы пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі «Абай», «Исатай», «Жеңіс» және «Әл-Фараби» сияқты инвестициялық жобалардың қазіргі мәртебесі туралы ақпарат берілді. Компанияның іске асырып жатқан әлеуметтік маңызы жобалары жайы да сөз болды. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Айдарбаевқа компанияның қаржылық тұрақтылығын одан әрі сақтауға, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.  

Хабарламаларға жазылу