Елордада қосулы кварц астында емтихан тапсырған төрт оқушы ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қосулы кварц астында емтихан тапсырған төрт оқушы ауруханаға жеткізілді

08.06.2021

Емтихан кезінде қосулы кварцтың маңында отырған 4 оқушы дәрігерлер көмегіне жүгінген. Оқиға Назарбаев зияткерлік мектебіне үміткерлердің емтихан тапсыруы кезінде болған. Сыныпта ультракүлгін шам қосулы қалған. Түнде 4 баланың көзінен жас ағып, қарауытқан соң ата-аналар жедел жәрдем шақырады. Оқушылар №2 көбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Мамандар 4 баланы қарап көргенен кейін тұрғылықты жерлері бойынша амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберді. Айта кетейік, осы 4 оқушымен қоса тағы 11 бала сынақ тапсырған.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Айтарлықтай балалар өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайлары орташа деңгейде. Сондықтан, үйлеріне жіберілді. Негізгі диагноз көз алмасының зақымдануы, жеңіл және орташа деңгейде. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу