Канадада 20 жасар тұрғын жүк көлігімен тротуарға шығып, мұсылман отбасын әдейі қаққан. Қасақана шабуылдан 4 адам қаза тапты. Олардың үшеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ал, тоғыз жасар бала жараланып, ауруханаға түсті. Көп кешікпей Натанел Вельтман есімді азамат тұтқындалды. Ол Онтарио провинциясының Лондон қаласының тұрғыны екен. Қаскөйге төрт кісі өлтірді деген кінә тағылып отыр. Ал, жергілікті полиция қанды оқиғаға исламға қарсы қылмыс деген сипаттама берген.
Арыстан Рысбек