Мәскеуде алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты

08.06.2021

Мәскеуде қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты. Алқабилер соты басты күдікті Муртузали Меджидовты кінәсіз деп тапты. Осылайша Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы ақталып, сот залынан босатылды.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда оқу орнының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бірнеше операция жасалғанымен, есін жимастан сол жылдың 3 мамырында қайтыс болды. Томиристің туыстары оның өзіне-өзі қол салғанына сенбейді. Өйткені тергеу барысында тап сол сәтте дәрісханада оның курстасы Муртузали Меджидовтың да болғаны анықталды. 

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу