Қатерлі дертке шалдыққан Эмирге 1 млрд теңгенің уколы салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатерлі дертке шалдыққан Эмирге 1 млрд теңгенің уколы салынды

07.06.2021

Қатерлі дертке шалдыққан Эмир Шахмаровқа әлемдегі ең қымбат дәрі - 1 млрд. теңгенің уколы салынды.

Естеріңізге сала кетейік, батысқазақстандық бүлдіршіннің еміне халықтан 1 млрд теңге жиналған еді. Эмирге арқа бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған. Жастан асса да, еңбектемейді, жүре алмайды. Қазір баланың жағдайы бір қалыпты. Мәскеудегі Балалар денсаулығының ғылыми орталығында дәрігерлер бақылауында. Емнің нәтижесі тек үш айдан кейін білінуі мүмкін.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу