Елімізде экономиканы ынталандыру үшін қосымша шаралар топтамасы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде экономиканы ынталандыру үшін қосымша шаралар топтамасы бекітілді

07.06.2021

Елімізде экономиканы ынталандыру үшін қосымша шаралар топтамасы бекітілді. Атап айтқанда, бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыру сияқты 4 бағыт бойынша 24 шара қабылданды. Бұл бизнесті қалпына келтіру қарқынын және жаңа экономикалық ахуал жағдайында іскерлік белсенділікті ынталандыратын экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрі шаралардың жүзеге асырылуы биылғы ЖІӨ-нің өсімін 3 пайызға жеткізуге ықпал етеді. 3 миллион 300 мың адам жұмыс істейтін бір миллионнан астам кәсіпкерлік субъектісіне қолдау көрсетуге жағдай жасамақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу