Солтүстікқазақстандық кәсіпкер Ресейден ел аумағына өтетін көліктердің дөңгелектерін дезинфекциялауға міндеттеп, жүргізушілерден заңсыз ақы жинап келген.
Мұндай қызметке күдіктенген азаматтар әлеуметтік желілерде өз пікірін білдіріп, түбіртектердің суреттерін жариялады. Ресейдің Қорған облысындағы «Петухово» және Солтүстік Қазақстандағы «Жаңа жол» бекетінің арасындағы бейтарап жолақта болған заңсыз әрекеттің қанша уақыт бойы жалғасқаны белгісіз. Дезинфекция қызметі үшін жүк көліктерінің иелері 2500 теңгеге дейін төлесе, жеңіл машина жүргізушілері 1200 теңгеден шығынданған. Іске облыстық прокуратура араласып, дезинфекциялық трейлер жабылды.
Айдос Кеңбейілов, кәсіпкерлер палатасы бөлімінің жетекшісі:Дезинфекция жасаушы мекеме өкілдері дөңгелектерін залалсыздандырмаған көліктер шекарадан өтпейтінін айтқан. Осылайша жүргізушілерді өз қызметін пайдалануға міндеттеген. Бейтарап аумақта аталған компания заңды түде жұмыс істеген. Алайда жүргізушілер оның қызметі ерікті түрде пайдаланады.
Эльмира Кәленова