Алматыда бір тәулікте КВИ жұқтыру көрсеткіші 6 есе төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір тәулікте КВИ жұқтыру көрсеткіші 6 есе төмендеді

07.06.2021

Алматыда бір тәулікте коронавирус жұқтыру көрсеткіші 6 есе төмендеді. Бұл туралы қаланыңбас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Нәтиже «Ashyq» жобасының көмегімен анықталған. Мәселен, мамыр айының басында тәулігіне 700-ге жуық қала тұрғыны індеттің ілмегіне ілінсе, қазір бұл 140 адамға дейін төмендеді. Ал, мегополис бойынша 315 мың адам ковидқа қарсы вакцина салдырды. Бұл шаћар тұрғындарының16 пайызы. Десе де «сары» аймақта тұрған қалада эпидахуал әлі де күрделі. Бекшин шаћар тұрғындарын вакцина алуға шақырды. Өйткені бұл процесс ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
Қалыпты өмірімізге оралудың жалғыз жолы- вакцина салдыру. Қала бойынша қоғамдық иммунитеттің қалыптасуы 21%-дан асты. Осының әсерінен мегополисте виурстың таралуы төмендеді.


Хабарламаларға жазылу