Маңғыстауда 17 кафе «Аshyq» жобасынан уақытша шеттетілді. Себебі, олар келушілер санын асырып жіберген, жұмыс уақытын және маскалық режимді сақтамаған. Осыған байланысты 2 аптаға жобадан шығарылды. Тағы қайталанса, 2 айға шеттетіледі. Қазір облыста 300 ге жуық кәсіпкерлік нысан «Аshyq» жобасымен жұмыс істеуде. Олардың қатарына Ақтау халықаралық әуежайы да қосылды. Алдағы уақытта теміржол вокзалы да жолаушыларды «Аshyq» арқылы кіргізеді.
Аққу Айтжанова, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Кәсіпкерлер егерде көбірек чекин жүргізсе, Чекин деген - келген адамдарды сканерлейтін болса, мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы барлық тамақтанатын жерлер кәдімгі уақытқа дейін жасаса, көп сканерлерген кәсіпкерге қосымша 2 сағат жасауға мүмкіндік беріледі. «Аshyq» жобасынан шығып қалғандар ондай жеңілдікті қолдана алмайды.
Аягөз Оралбайқызы