Қостанай облысында полиция ішінде кәмелетке толмаған бала отырған көлікке оқ атты. Оқиға Арқалық қаласында болған.
Бәрі де жол талғамайтын көліктің полицияның тоқта деген бұйрығына бағынбай қаша жөнелуінен басталған. Тәртіп сақшылары оның соңына түскен. Қуғынның қалай болғанын қашып бара жатқан көліктің ішіндегі жолаушы түсіріп алыпты. Осы бейнежазбада жүргізушінің орнында жас бала отырғаны, ал қасындағы ересек ер адамның оған бұйыра кеңес беріп келе жатқаны байқалады. Кейін көлікті басқарған 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Қасындағы әкесі болып шықты. Ол ішімдік ішкен. Полиция көлікті табельдік қарудан артқы дөңгелегіне оқ атып тоқтатқан.
Құрмет Мәжікенов, Қостанай облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:
Баланың әкесіне қатысты әкімшілік Кодекстің 612 бабы 5 тармағы және 613-і бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылды. Осы екі бап бойынша 80 аек көлемінде айыппұл салынды. Ал қару қолдануға байланысты ішкі тергеу жүргізіліп, соның қортындысына сәйкес полицияның әрекеті заңды деп танылды.
Дәуренбек Әбдібек