Мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемі 2 есеге ұлғайтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемі 2 есеге ұлғайтылады

04.06.2021

Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу мерзімі 3 жұмыс күнінен 1-ге қысқарды. Бұл туралы халық алдында онлайн режимде есеп берген Әділет министрі мәлімдеді. Марат Бекетаевтың сөзінше, оны электронды тіркеуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыру үшін Атқарушылық іс жүргізу туралы заңға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, орындалған құжаттар саны 45% артқан. Сонымен бірге, Қазақстанда 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленді. Ол мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құқықтық құжаты. Ендігі мақсат – мемлекет кепілдік беретін заң көмегінің көлемін 2024 жылға дейін 2 есеге ұлғайту.

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу