Семейде студенттер ақпараттық базадан тест жауабын ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде студенттер ақпараттық базадан тест жауабын ұрлаған

04.06.2021

Семейде тест жауаптарын ұрлады деп күдікке ілінген студенттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Медицина университетінің 3-ші курс студенттері жазғы сессияны қайта тапсыратын болды. Айта кетейік, жастар ақпараттық базаны бұзып, жауаптарды алған, оны тіпті өзгелерге де сатқан. Олардың кейбірі кінәсін мойындады. Бүгінде жалпы медицина мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер жазғы емтихандарды қайта тапсыра бастады. Ұрланған тест жауабын нақты неше адамның пайдаланғаны белгісіз.

Ғалымжан Исимбеков, Семей медицина университетінің өкілі:
Сессияның нәтижесін жойдық. Студенттер жазғы сессияны қайта тапсырады. Осы жағдай бойынша құжаттарды полиция басқармасына жібердік.

 Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу