Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысы өтті

03.06.2021

Премьер-министр Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді. Жиында жеңілдетілген несие беру бағдарламаларың нәтижелері, ауыл шаруашылығы және қаржыландыру саласындағы бизнестің жүйелі проблемалары, мемлекеттік сатып алулардағы, микроқаржы ұйымдары мен Өңірлердің экономикалық картасы мәселелері қаралды. Бизнестің жол картасы бағдарламасын іске асырудың оң қарқыны байқалуда. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 169 млрд теңге сомасына 1688 жоба субсидияланып, 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 700 миллиард теңгеге жуық қаржыға 3 мыңдай жоба мақұлданды. Ауыл шаруашылығын қолдау мемлекеттік институттарының субьектілік цифрлық мониторингі бойынша жұмыс жүргізілді. Жалпы, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға шамамен 375 млрд теңге бөлінген. 

Хабарламаларға жазылу