Ал халықаралық туристік ағын 83 пайызға азайған. Әлемдік туризм ұйымының статистикасына сенсек, биыл туристік саяхаттардың саны былтырғыға қарағанда 180 миллионға аз. Әсіресе Азия елдеріне баратындар 94, Еуропаға 83, ал Африкаға 81 пайыз, Таяу Шығысқа саяхаттайтындар 78 процентке азайған. Сарапшылар сала келер жылы ғана жанданады деп отыр. Десе де жаз басталғалы және екпе егу жұмыстарының қарқын алуына байланысты қазір туризмде оң динамика байқалады.
Досжан Маратұлы