Түркістан-Ташкент әуе рейсі 21 маусымда ашылатын болды. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша ұшақ аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшпақ. Бұл облыс туризмін арттырады деген жоспар бар. Сондай-ақ 9 маусымнан Алматы-Самарқанд рейсі ашылады. Ал ішкі туризмді жандандыру үшін келер жылдан бастап 14 жасқа дейінгі балаларға әуе билеті тегін. Бірақ барлық бағытқа емес. Алакөл, Балхаш, Бурабай, Баянауыл немесе Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарына демалуға қыдырып бара жатсаңыз ұл-қыздардың билет ақшасын мемлекет субсидиялайды.
Досжан Маратұлы