Бескөл ауылының тұрғындары судан уланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бескөл ауылының тұрғындары судан уланған

03.06.2021

Петропавл іргесіндегі Бексөл халқының жаппай ауыруының себебі анықталды. Ауыз судан алынған сараптама оның құрамында адам денсаулығына қауіпті бактериялардың өте көп екендігін көрсеткен. Қазір 18 адам ауруханада жатыр.

Сапасыз суды тұтынған 130 адам дәрігер көмегіне жүігінген. Науқастарға анықталмаған энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. Әсіресе балалар қатты ауырып жатыр.

 Жанар Кәкімова, аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ауданда шұғыл түрде провизорлық орындар ашылды. Құсу, диарея, дене қызуының көтерілуі - барлығының шағымы бір. Әзірге емделушілердің жағдайы тұрақты.

Елді мекенді тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған «Базис-Пром» серіктестігің басшылығы судың барлық талаптарға сай екенін алға тартып отыр.

Қайырбек Нұралин, «Базис-Пром» ЖШС директоры:
Мына резервуарды қазір тазалап, суын шығарып жатырмыз. Халықты мен 100 процент сумен уланды деп айта алмаймын. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері ауыз судан алынған сараптама нәтижесін жариялады.

Жангелді Ыбыраев, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері:
Бактерологиялық көрсеткіштер шамадан тыс. Су құрамында микроб көп. Қазір эпидемияға қарсы шалалар жүзеге асырылуда. Қосымша сараптама тағайындалды.

Қазір Бескөл халқы ауыз суды көшедегі ақылы сүзгілерден алып отыр. Сұраныс артқан соңбағасы да қымбаттап кеткен.

Халықтың жаппай ауыруына байланысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады. Кешенді сараптама тағайындалды.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу